Жаңалықтар

👋🏻 Мемлекеттік басқару Академиясында әрбір білім алушының кәсіби құзыреттілігін шыңдау үшін бірқатар мүмкіндіктер ұйымдастырылып келеді. Солардың бірі Академияның қоғамдық өміріне белсенді араласқысы келетіндер мүшелік ете алатын – МАГИСТРАНТТАР МЕН ДОКТОРАНТТАРДЫҢ КЕҢЕСІ.

View this post on Instagram

👋🏻 Мемлекеттік басқару Академиясында әрбір білім алушының кәсіби құзыреттілігін шыңдау үшін бірқатар мүмкіндіктер ұйымдастырылып келеді. Солардың бірі Академияның қоғамдық өміріне белсенді араласқысы келетіндер мүшелік ете алатын – МАГИСТРАНТТАР МЕН ДОКТОРАНТТАРДЫҢ КЕҢЕСІ. ⠀ 🏢Академия магистранттары мен докторанттарының кеңесі – академияның магистранттары мен докторанттары, тыңдаушыларын біріктіретін ортақ қоғамдық қозғалыс. ⠀ ⬇️Кеңестің ҚЫЗМЕТІ: ▪️Тиімді білім беру процесіне, магистранттар мен докторанттардың кәсіби қалыптасуына; ▪️Академия тыңдаушыларының шығармашылық әлеуетін, таланттары мен қабілеттерін ашуға; ▪️Академияның басқару органдарына қойылған міндеттерді шешуге жәрдемдесуге; ▪️Қазақстан мен шетел жастарының қоғамдық және ғылыми бірлестіктерімен ынтымақтастыққа ықпал ететін қолайлы жағдай жасауға бағытталған. ⠀ ⬇️Кеңестің МІНДЕТТЕРІ: ▪️Білім беру және ғылыми-зерттеу міндеттерін шешуге, академияның магистранттарының, докторанттары мен тыңдаушыларының бос уақытын ұйымдастыруға жәрдемдесу; ▪️Академия мен мемлекеттің қоғамдық маңызы бар жастар бастамаларын іске асыруға белсенді қатысу. ⠀ 👩🏻‍💻👨🏻‍💻Кеңестің құрамы төраға, төрағаның орынбасарлары және жекелеген бағыт сектор басшыларынан, кеңес мүшелерінен тұрады. Кеңес мүшелігіне Академия магистранттары, докторанттары және тыңдаушылары ашық түрде дауыс беру арқылы кіре алады. Кеңес мүшелерінің саны тақ және 7 адамнан кем болмауы маңызды. ⠀ ‼️Биылғы жылы кеңес мүшелерінің оқуы аяқталғандықтан, жаңа оқу жылындағы кеңес құрамы қайта жаңартылмақ. Ағымдағы жылы оқуға түскендер, Академиядағы сабақтар офлайн басталғаннан кейін кеңестегі орын үшін сайлауға қатысып, Академияның әлеуметтік-мәдени өмірін дамытуға өз үлестерін қоса алады!

A post shared by @ atyrau.apa.kz on