👋🏻Қайырлы күн, құрметті оқырмандар! Өздеріңіз білетіндей, биылғы жылы мемлекеттік басқару Академиясы мемлекеттік қызметкерлердің тілдік құзыреттілігін анықтауға мүмкіндік беретін #ResmiQazTest деп аталатын бірегей тестілеудің жаңа форматын әзірледі. Тестілеу ағымдағы жылы оқуға тапсырған үміткерлер арасында апробациядан өтіп, қолданысқа енді.