Жаңалықтар

👋🏻Қайырлы күн, құрметті оқырмандар! Өздеріңіз білетіндей, еліміздегі ахуал білім жүйесі үшін күтпеген өзгерістер әкелді. Биылғы жыл оқу ордалары мен білім беру мекемелері үшін оқу үдерісін ұйымдастыруда, оқуға құжаттарды қабылдауда үлкен сын-тегеуріндерге толы болды.

View this post on Instagram

👋🏻Қайырлы күн, құрметті оқырмандар! Өздеріңіз білетіндей, еліміздегі ахуал білім жүйесі үшін күтпеген өзгерістер әкелді. Биылғы жыл оқу ордалары мен білім беру мекемелері үшін оқу үдерісін ұйымдастыруда, оқуға құжаттарды қабылдауда үлкен сын-тегеуріндерге толы болды. ⠀ Осыған байланысты бұл жылы мемлекеттік басқару Академиясы оқуға түсуші үміткерлер үшін тиімді жағдай жасап, құжаттарды тапсыру кезінде бірқатар қосымша ЦИФРЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕР ұсынды. 👉🏻Оқуға тапсыру барысында өткізілетін ОНЛАЙН ІРІКТЕУДІҢ БАЛАМА ҮЛГІСІН – APA.TALANTIZ.KZ ПЛАТФОРМАСЫН ӘЗІРЛЕДІ. ⠀ 🟥Әзірленген платформа жеке кабинет құра отырып, мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау үшін ТЕСТІЛЕУДЕН өтуге #ResmiQazTest (14-31 шілде) және ситуациялық кейс негізінде онлайн режимде СҰХБАТТАСУҒА(20-31 шілде) және комиссия мүшелері үшін үміткердің жазбаша жұмысын бағалауға мүмкіндік береді. Осы процестің барлығын және қойылған бағалау нәтижелерін әрбір үміткер өзінің жеке кабинетінен көре алады. ⠀ 🗓Айта кету керек, биылғы жылдың тағы бір ерекшелігі – әрбір үміткер ӘҢГІМЕЛЕСУ КЕЗЕҢІНІҢ ӨТКІЗІЛУ КҮНІН apa.talantiz.kz платформасындағы күнтізбеден өзіне ыңғайлы уақытты таңдай алады. ⠀ ✅Сондай-ақ, мемлекеттік басқару Академиясының үміткерлері Қазақстанда алғашқылардың бірі болып магистратура мен докторантураға түсу үшін IELTS, TOEFL, APTIS орнына Duolingo ағылшын тілінен онлайн тестілеуден өтуге және 086-У нысанындағы медициналық анықтамасын 2020 жылдың 1 тамызына дейін ұсынуға мүмкіндік алды. ⠀ 👍🏻Сонымен қатар, биыл алғаш рет өндірістен қол үзбей оқуға мүмкіндік беретін "Өңірлік көшбасшылық", "Өңірлік даму" және "Мемлекеттік менеджмент" атты жаңа магистрлік оқу бағдарламалары іске қосылды, демек, енді мемлекеттік қызметкерлер үшін қашықтан оқу мүмкіндігі пайда болды. ⠀ 😉Көріп отырғандарыңыздай Академия ағымдағы жылы оқуға түсуге ниет білдіруші барлық үміткерлерге тиімді әрі оңтайлы мүмкіндіктер ұсынды. Сондықтан құжаттарын тапсырып, конкурстық іріктеудің екінші кезеңіне өткен барша үміткерлерге сәттілік тілейміз! #atyraufilial #apakz

A post shared by @ atyrau.apa.kz on