Жаңалықтар

👋🏻Құрметті оқырмандар! Еліміздегі соңғы жағдайларды ескере отырып, біз, Академияға оқуға түскісі келетін барша үміткерлер үшін ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтайтын тестілеуді ОНЛАЙН түрде тапсыруға мүмкіндік беретін қосымша DUOLINGO платформасын ұсынып отырмыз!

View this post on Instagram

👋🏻Құрметті оқырмандар! Еліміздегі соңғы жағдайларды ескере отырып, біз, Академияға оқуға түскісі келетін барша үміткерлер үшін ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтайтын тестілеуді ОНЛАЙН түрде тапсыруға мүмкіндік беретін қосымша DUOLINGO платформасын ұсынып отырмыз! ⠀ ❓DUOLINGO ДЕГЕН НЕ ЖӘНЕ ОНЫ ҚАЛАЙ ТАПСЫРАМЫЗ? ⠀ DET – ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтауға арналған американдық платформа негізінде (Карнеги-Меллон университеті) әзірленген тестілеу жүйесі. ⠀ ✅Тестілеу оқылым, жазылым, тыңдалым және сөйлеу дағдысын бағалауға мүмкіндік береді, сондай-ақ, онлайн-тестілеуден кез келген ыңғайлы жерде өтуге болады. Duolinguo-ның басты артықшылықтарының бірі арнайы тест орталығына бармай-ақ, карантин режимін сақтау арқылы, үміткердің денсаулығына төнетін қауіп-қатердің алдын алуда үлкен жағдай жасап беруінде. 👉🏻Айта кету керек, тест тапсыру барысында осы процестің барлығы аудио, видео түрінде жеке куәлік бойынша бейнебақылауға жазылады: сынақ кезеңінде қандай да бөгде қосымшалар мен плагиндерді, браузерлерді қолданған жағдайда жүйе автоматты түрде бұғатталатын болады. ⠀ DUOLINGO ТЕСТІНІҢ КЕЗЕҢДЕРІ: ⠀ ▶️КІРІСПЕ БӨЛІМ. Тестілеудің негізгі ережелері мен талаптары түсіндіріледі. ▶️СТАНДАРТТЫ БӨЛІМ. Оқылым деңгейі анықталып, ауызша, жазбаша сөйлеу дағдылары бағаланады. ▶️БЕЙНЕ СҰХБАТТАСУ. Қойылған сұрақтарға қатысты сіздің жауаптарыңыз жазылатын болады. ⠀ ТЕСТКЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ⠀ 🔽ОЛ ҮШІН СІЗГЕ: 1. Жеке куәлік 2. 60 минут бос уақыт 2. Тұрақты интернет байланысы 3. Компьютер керек болады. 🔽СІЗДІҢ КОМПЬЮТЕРДЕ: 1. Интернет жүйесінде істейтін браузер 2. Камера 3. Микрофон 4. Динамик болуы қажет. ⠀ ❗️Бұл тестті 1 сағат ішінде тапсыруға болады. Нәтижелері 2 күнде шығады. Тест құны 49$, қазақстандық бағам бойынша шамамен 19 мың теңге. ПРОДОЛЖЕНИЕ⬇️

A post shared by @ atyrau.apa.kz on