Жаңалықтар

📣Біз біргеміз: әріптестік тәжірибе алмасу. 🏢Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалдары – Атырау өңірінде қонақта.

View this post on Instagram

📣Біз біргеміз: әріптестік тәжірибе алмасу ⠀ 🏢Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалдары – Атырау өңірінде қонақта ⠀ Атырау облысы филиалында мемлекеттік қызметшілердің ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетудегі қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру, кәсіби құзыреттіліктерін тереңдету мақсатында ұйымдастырылған «Инклюзивті қоғам. Ерекше қажеттіліктері бар тұлғалармен өзара әрекеттестік» тақырыбындағы біліктілік арттыру семинары да өз жұмысын zoom платформасында жүргізіп келеді. ⠀ Қоғамдағы осы өзекті мәселелерді талқылап, өз қызметтеріне бағыт-бағдар алуларына мүмкіндік берген семинар өңірдегі ерекше қажеттіліктері бар тұлғалармен жұмыс жасап отырған мамандардың басын біріктірді. ⠀ «Елдіктің өзегі – білік, кілті – тіл, қадір-қасиеті – кісілік» деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, қоғамдағы қарым-қатынас мәдениеті, ерекше қажеттіліктері бар тұлғалармен өзара әрекеттестік мәселесі турасында еркін тәжірибе алмасу алаңына айналдырған семинар аясында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының доценті, психология мамандығы бойынша PhD Лазаренко Дмитрий Витальевич «Эмоционалды зияткерлік» тақырыбында дәріс жүргізді. Тыңдаушылар эмоцияны зерделеу арқылы қызмет бабында тұтынушылардың қажеттіліктерін, сұраныстарына қолдау білдіруде эмоциялық зияткерлікті жетілдіру, өз және басқалардың эмоцияларын басқару жағдайын талқылаған дәріс барысында күнделікті өмірден нақты мысалдар келтіріліп, ой қозғау салынған тапсырмалар орындады, тәжірибе алмасты. #apakz

A post shared by @ atyrau.apa.kz on