Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалы 2024 жылға мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстары мен біліктілік арттыру семинарлары бойынша дәріс жүргізуге дәріскерлерді конкурсқа шақыратындығын хабарлайды.
«Б» корпусының әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курсының пәндер тақырыптары:
Басшының витальді және эмоционалды интеллекті
Көпшілік алдында сөйлеу
Басқарушының сөз мәдениеті
Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу
Guest Talk мотивациялық кездесу
Практикалық аналитика
Коммуникациялық менеджмент
Стратегиялық жоспарлау және бюджеттеу
Деректер негізінде басқарушылық шешімдер қабылдау
Жобалық менеджмент
Мемлекеттік органдардағы цифрландыру
Өңірде мемлекеттік саясатты жүзеге асыру
Басқарушылық коучинг
Өзгерістерді басқару
Басшыларға арналған стратегиялық HR
Көшбасшылық. Pro-белсенді басшы
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курсының пәндер тақырыптары:
Бастамашылдық және жауапкершілік
Тайм-және стресс-менеджмент
Коучинг
Guest Talk мотивациялық кездесуі
Витальді және эмоционалды интеллект
Әдеп және парасаттылық
Ойлау дизайны және адамдарға бағдарлану
Практикалық аналитика
Кәсіби коммуникациялар
Стратегиялық менеджмент
Деректерді талдау
Шешендік өнер. Презентацияларды дайындау
Жобалық менеджмент
Ресми жазылым
E-Otinish. Азаматтардың өтініштерімен жұмыс
Өңірде мемлекеттік саясатты жүзеге асыру
Біліктілік арттыру семинарларының тақырыптары:
- Халық үніне құлақ асатын мемлекет: халықпен және азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл құралдары
- Ойлау дизайны және адамға бағдарланған трансформация
- Мемлекеттік басқарудағы цифрлық трансформация
- Стратегиялық менеджмент және көшбасшылық
- Жобалық менеджмент. ҚР СТ ISO 21502-2022 стандарты бойынша сертификаттауға дайындық
- Бюрократиядан арылту және мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру
- Белгісіздік дәуіріндегі трансформациялық көшбасшылық
- Эмоционалды және витальді интеллект
- Тиімді коммуникациялар
- Кәсіби әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық
- Әйелдер көшбасшылығы
- Сыни тұрғыдан ойлау және инновация: жаңа шешімдер мен тәсілдер
- Креативті индустриядағы тенденциялар мен инновациялар: мемлекеттік органдар үшін перспективалар
- Шиеленістерді реттеу және этномедиация
- Ең алдымен – адамдар: мемлекеттік қызметтер сапасын арттырудың практикалық құралдары
- Құқықтық мәдениет және сауаттылық
- Объективті деректер негізінде басқарушылық шешімдерін қабылдау
- Е-өтініш: азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу
- Проактивті ойлау және жеке тиімділік
Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер келесі критерийлерге сай болуы тиіс:
1) жоғары білімнің (маманның) не магистр дәрежесінің болуы (мүмкіндігінше PhD, ғылым кандидаты немесе докторы дәрежесінің болуы );
2) мемлекеттік қызмет саласында кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесінің немесе мемлекеттік/квазимемлекеттік секторларда тренингтер өткізу тәжірибесінің болуы (іске асырылған жобалар кандидаттың түйіндемесінде көрсетіледі);
3) Қазақстан Республикасының бағдарламалық және стратегиялық құжаттарын, Академияның құндылықтары, миссиясы мен көзқарасын білуі (сұхбаттасу кезеңінде расталады);
4) мемлекеттік және орыс тілдерін білу, мүмкіндігінше ағылшын тілін білу;
5) оқытудың интерактивті әдістемелерін меңгеру;
6) мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет саласында тәжірибеге бағдарланған кейстердің болуы, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер жұмысының ерекшелігін, олардың міндеттері мен жауапкершілігін түсіну;
7) ұсыныс хаттар (мүмкіндігінше).
Конкурс іріктеуіне қатысу үшін құжаттарыңызды atr.info@apa.kz электронды адреске жіберуіңіз қажет:
- түйіндеме (үлгі бойынша);
- жоғары білім туралы құжат (магистратура, PhD);
- таңдалған тақырып бойынша презентация (үлгі бойынша).
Конкурстық іріктеуге құжаттарды қабылдау 2024 жылдың 5 мамыр айына
дейін жүргізіледі.
Байланыс мәліметтері: Атырау қаласы, Сұлтан Бейбарыс даңғылы, 419
Тел: 8(7122) 51 94 92; 8(7122)51 85 19
Электронды почта: atr.info@apa.kz