16 шілдеде Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды.
Республика күні мерекесіне орай филиалда Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Сарсенов Алдар Сарсенұлымен еркін форматта кездесу өтті.
Кездесуге Академия кызметкерлері және «Жаңа кезеңдегі цифрлық трансформация» тақырыбындағы семинарға қатысушылар қатысты. Жиынды филиал директоры Бекіш Азамат ашып беріп, қатысушыларға қонағымызды таныстырды.
Қонағымыз Алдар Сарсенұлы Республика күнінің маңыздылығын, бүгінгі күні тойланудағы мақсаты, ұлттық құндылықтарымызбен, осынау егемендікке қол жеткізу жолында талай қиыншылық кездерді өткізген Алаш айбындарының ерлігі жөнінде толығырақ тарихи шолумен баяндады. Сонымен қатар, білікті заңгер, академик Бердібек Сартаевтың өлшеусіз үлесіне ерекше тоқталып таныстырып айтып өтті.
Кездесу соңында Алдар Сарсенұлы барша мемлекеттік қызметшілерге еңбек жолында сәттілік тілеп, Еліміздің келешегі, Қазақстанның болашағы өз қолымызда екендігін, жаңғыру кезеңде қазақ елі мәңгі жарқырай берсін деген игі тілегін білдіріп, алдағы мерекемен құттықтады.