Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалы бірлесе отырып, мерекелік іс-шара өткізді.
Мерекелік шараны ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ерлан Мейрамханұлы құттықтау сөзімен ашты.
Іс-шараға Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры, философия ғылымдарының докторы Өмірбек Қадырханұлы қонаққа келді. Республика күнінің бүгінгі күні тойлануының ұлттық маңыздылығы, саяси-әлеуметтік мәніне толығырақ тоқталып өтті.
Салтанатты шара соңында филиал директоры Бекіш Азамат қонағымызға алғысын білдіріп, мерекелік тілегін білдірді.
Департамент басшысы Ерлан Мейрамханұлы мемлекеттік қызметшілер мен филиал қызметкерлеріне Алғыс хат табыстады.