Жаңалықтар

АДАМ РЕСУРСТАРЫН ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалының жанынан мемлекеттік қызметте «Адам ресурстарын дамыту орталығы» ашылды.

Орталықты ашудағы мақсат – Әдеп жөніндегі уәкілдер мен персоналды басқару қызметтері (кадр қызметтері) үшін пікір алмасу алаңын қалыптастыру, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың новеллалары туралы ақпараттар, оның ішінде ауқымды түсіндіруді талап ететін сұрақтарға жауаптар ұсыну болып табылады.

Салтанатты шараға Департамент басшысы Ерлан Ермаханбетов, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ректоры Саламат Идрисов, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалының директоры Azamat Bekish және өңірдегі Әдеп жөніндегі уәкілдер мен кадр қызметкерлері қатысты.
 
Шара барысында Департамент басшысы Ерлан Мейрамханұлы мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаларға енгізілген өзгерістер мен жаңашылдықтарға тоқталып, ауқымды сұрақтарға жауаптар ұсынды.
 
Саламат Нұрмұханұлы жұмыс барысындағы басқарушылық тәжірибесімен бөлісе отырып, мемлекеттік қызметшілердің жұмыстарына сәттілік тіледі.
 
Филиал директоры Азамат Әбділқаилұлы кабинет мақсаты мемлекеттік қызметшілер үшін еркін пікір алмасу алаңын қалыптастыру, мемлекеттік қызмет саласындағы туындаған сұрақтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, маңызды сұрақтарға жауап алатын орта деп атап өтті.
 
Атап өту қажет, бұл алаңда еркін форматта кездесу өткізіліп, мемлекеттік қызметке іріктеу рәсімдері, мемлекеттік қызметті өткеру, тоқтату және тәртіптік практика бағыттары бойынша талдау нәтижелері шығарылатын болады.