Жаңалықтар

АКАДЕМИЯ АРТЫҚШЫЛЫҒЫМЕН АЛДА

Академияның Атырау облысы бойынша филиалының директоры Ғабдығапаров Еркебұлан Серікұлы облыстық қоғамдық-саяси Атырау газетіне сұхбат беріп, Академияға оқуға қабылдау ережелері туралы түсіндірді.

Академияда мемлекеттік қызметшілерді даярлау 6 магистрлік, 3 докторлық бағдарлама бойынша және өндірістен қол үзбей оқуға болатын 2 модульдік бағдарлама бойынша жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметшілерді даярлауға магистратура бойынша 120 грант, докторантура бойынша 12 грант бөлінген.
Магистрлік білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыспен оқуға түсу үшін мемлекеттік қызметте кемінде 2 жыл, ал докторлық бағдарламалар үшін 5 жыл еңбек өтілі болуы қажет.

«Грантқа тапсырушылар мемлекеттік органның жолдамасын ұсынуы қажет. Ақылы негізде оқуға үміткер тұлғалардан талап етілмейді. Дипломатиялық қызмет қызметкерлерінің – мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жолдамасына сыртқы саяси қызмет саласындағы ведомство аппаратының басшысы қол қоятын жағдайларды қоспағанда, жолдамаға үміткерді атқаратын лауазымына тағайындау құқығы бар лауазымды адам қол қояды. Шетелдік азаматтарды есептемегенде, барлық білім беру бағдарламаларына түсушілердің мемлекеттік тілді меңгеруі В1 деңгейінен төмен емес екенін растайтын QAZAQ RESMI TEST немесе ҚАЗТЕСТ сертификаты болуы тиіс», – деп атап өтті Еркебұлан Серікұлы.

Толығырақ https://atr.kz/sayasat/akademiia-artyqshylygymen-alda/ сілтемеден оқи аласыздар!