Жаңалықтар

АКАДЕМИЯ ТҮЛЕКТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

2025 жылғы 24 сәуір күні ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалында маңызды кездесу өтті. Филиал тыңдаушылары Исатай ауданы әкімі аппаратының басшысы Махмутов Арманбек Амантайұлымен және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Қақиева Айнагүл Қазбекқызымен жүздесті.
Кездесу барысында мемлекеттік қызмет саласындағы тәжірибелі басшылар мен жас мамандар ашық диалог жүргізіп, өзара пікір алмасты. Академия түлектері оқу барысында алған білімдері жайлы бөлісіп, Академияның артықшылықтарын ерекше атап өтті. Олар заманауи білім беру тәсілдерінің тиімділігі мен кәсіби өсудегі маңызын нақты мысалдармен келтіріп, мемлекеттік қызметшілерді білім алуға, үздіксіз даму жолына түсуге шақырды.
 Филиалдың Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерілету кабинетінің меңгерушісі Аязбаева Назерке Ғалымжанқызы тыңдаушыларға Академияға оқуға түсу тәртібі мен іріктеу кезеңдері туралы жан-жақты ақпарат берді. Ақпараттық сессия барысында талапкерлерге қойылатын негізгі талаптар мен конкурстық іріктеу кезеңдері егжей-тегжейлі түсіндірілді.