Бүгін Филиал Техникалық және реттеу және метрология комитетінің департаменті, ҚР ЭМ Атомдық-энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық департаменті, Су ресурстарын пайдалануды және қорғауды реттеу жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы және ҚР Каржы Министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Атырау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті мемлекеттік қызметшілеріне ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылдау ережелері бойынша ақпараттық сессия жұмысын жүргізді.
Аталған ақпараттық сессия жұмысын Филиалдың Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерілету кабинетінің меңгерушісі Аязбаева Назерке Ғалымжанқызы жоғарғы оқу орнынан кейінгі Академияның магистратура және докторантура білім беру бағдарламалары бойынша мәлімет беріп, мемлекеттік қызметшілерді Академиямен бір қадам алға болуға шақырды.
Ақпараттық сессия барысында Академияда білім алудың артықшылықтары, білім беру бағдарламалары, құжаттарды қабылдау ережесі, конкурстық іріктеу кезеңдері түсіндіріліп, тыңдаушылар тарапынан сұрақтар қойылды.
Құжаттар Академияның www.admission.apa.kz ақпараттық жүйесі арқылы электрондық құжаттарды жүктей отырып, 23 шілдеге дейін қабылданатындығын естеріңізге саламыз!