Еске сала кетейік, Академияға оқуға құжат қабылдау 03 сәуір мен 29 маусым аралығында
Магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша 2023 жылға ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ ОНЛАЙН форматта жүзеге асырылады. Электронды құжаттарды Академияның ақпараттық жүйесіне (https://admission.apa.kz) электронды түрде жүктеу қажет.
ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР:
Мемлекеттік органның жолдамасы (тек мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуға түсушілер үшін);
Жеке басын куәландыратын құжаттың сканерленген нұсқасы;
Білім туралы құжаттың сканерленген нұсқасы (қосымшасымен бірге);
QAZAQ RESMI TEST немесе ҚАЗТЕСТ сертификаты;
Еңбек қызметін растайтын құжат (мемлекеттік қызметшілер үшін қызметтік тізім);
Докторантураның барлық бағдарламаларына және магистратураның «Халықаралық қатынастар» бағдарламасына тапсыратындар үшін: ағылшын тілін меңгеру деңгейін растайтын халықаралық сертификаттардың бірі (IELTS, TOEFL, TOEIC);
докторантура бағдарламаларына түсушілер үшін: зерттеу жұмысы жоспарының жобасы (research proposal);
ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық өтініш.
Бізбен байланыс
8 (7122) 51-94-92, 49-22-94
