Жаңалықтар

АКАДЕМИЯҒА ОҚУҒА ТҮСУ БОЙЫНША БРИФИНГ ӨТТІ

2025 жылғы 19 сәуір күні Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында 2025–2026 оқу жылына қабылдаудың басталуы» тақырыбында брифинг өтті.

Брифинг барысында Филиал директоры Еркебұлан Серікұлы Академияның білім беру бағдарламаларына – магистратура мен докторантураға – қабылдау тәртібі мен талаптары, сондай-ақ биыл енгізілген жаңалықтар жөнінде жан-жақты ақпарат берді.

Спикердің айтуынша, құжат қабылдау 2025 жылғы 1 сәуір мен 25 маусым аралығында жүргізіледі және толығымен онлайн форматта өтеді. Үміткерлер құжаттарын https://admission.apa.kz платформасы арқылы тапсыра алады.
Биылғы қабылдау науқанының негізгі жаңалықтарының бірі – «Цифрлық мемлекеттік басқару» атты жаңа магистратура бағдарламасының енгізілуі. Сонымен қатар мемлекеттік қызмет өтіліне қойылатын талаптар арттырылып, бағдарламаларға бейінділікке қатысты нақты критерийлер белгіленді.

Еркебұлан Серікұлы мемлекеттік қызметшілерді Академияға оқуға түсіп, кәсіби білім мен біліктіліктерін жетілдіруге шақырды. Ол Академияның білім беру үрдісі тек теориялық емес, практикалық тәжірибеге, көшбасшылық қасиеттерді дамытуға, инновациялық басқару мен цифрлық трансформация бағыттарына негізделгенін атап өтті.

Қосымша ақпарат пен кеңес алу үшін хабарласыңыз:
+ 7(7172) 75-33-95;
+7 (7122) 49-22-94;
8 778- 565- 56-59.