Жаңалықтар

«АКАДЕМИЯМЕН БІР ҚАДАМ АЛҒА»

Филиалда өткен кезекті Development Day шарасының мақсаты – жаңа идеялар мен бастамаларды алып жүре алатын, сұранысқа ие, жоғары білікті, заманауи мамандарды дайындайтын жоғары оқу орындарының бірі – Академияның магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға түсу жөнінде курс және семинар тыңдаушыларын ақпараттандыру болды.

Даму күнінің басты спикері – Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінің «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша магистранты Нұғман Аманқос Сибатұлы өз тәжірибесімен бөлісті.

Академияға кімдер құжат тапсыра алады?
Академияға түскен жағдайда жұмыс орным сақтала ма?
Ағылшын тілін білмесем Академияға түсе алам ба?

Тыңдаушылар осы және өзге де сұрақтарға жауап алып, пікір алмасты.