«Академиямен» кәсіби өсуге бір қадам алға! Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы – мемлекеттік қызметшілерге арналған Қазақстандағы жалғыз жоғары оқу орны. Академия қабырғасынан білім алу – мүмкіндігіңіздің аясын кеңейтіп, құзыреттігіңізді дамытып, жаңа жетістіктерге жол ашады. Атырау облысынан Академия магистратурасына оқуға түскен, өзгермелі әлем жағдайындағы сұранысқа ұмтылушы, мансап пен отбасы теңгерімін сақтап, жаңа көшбасшылар легін толықтырушы Қартабаева Шолпан Мақсотқызы кәсіби және мансаптық өсу туралы ойымен бөліседі.