Жаңалықтар

АКАДЕМИЯНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН «ҮЗДІК ЭССЕ» БАЙҚАУЫ

Академияның 30 жылдық мерейтойына орай Атырау облысы бойынша филиалы мемлекеттік қызметшілер мен түлектер арасында «Үздік эссе» байқауын ұйымдастырды.

Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін көтеру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және мемлекеттік басқару саласындағы өзекті мәселелер бойынша ой-пікірлерін ашық білдіруге мүмкіндік беру – байқаудың маңызды мақсаттарының бірі болды.

Байқауға ұсынылған эсселерді бағалау барысында комиссия мүшелері номинациялар бойынша әділ шешім шығарды. Әрбір эссе мазмұнының тереңдігі, тақырыпты ашу шеберлігі, логикалық құрылым және тіл байлығы тұрғысынан қаралды. Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың мемлекеттік қызметке деген шынайы көзқарасы мен өзіндік пікірлерін жоғары бағалады. Әр номинация бойынша жеңімпаздар лайықты марапаттарға ие болды.

Бұл байқау тек қана шығармашылық жарыс емес, сонымен қатар, болашақ мемлекеттік басқару мамандарының дамуына ықпал ететін маңызды бастама болды. Мемлекеттік қызметтің жауапкершілігі мен маңыздылығы туралы терең ой жүгірткен байқау қатысушылары өз көзқарастарын көрсетіп, қоғамға қызмет етудің мәнін айқындады.