Жобалық менеджмент: ҚР СТ ISO 21500-2014 сертификаттауына дайындық» тақырыбындағы семинар тыңдаушыларына 2022 жылы Академияға магистратура мен докторантура бағдарламалары бойынша оқуға түсу бойынша ақпараттық сессия өткізілді.
⠀
Филиал директоры Азамат Әбділқаилұлы Бекіш жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша 2022 жылға арналған Академияның оқуға қабылдау ережелерін түсіндіріп, Академиядағы оқудың артықшылықтары туралы айтып өтті.
⠀
Сонымен қатар, тыңдаушыларға қабылдау алгоритмі, талап етілетін құжаттар, конкурс кезеңдері және QRT мен Pipplet тесттері туралы ақпарат берілді.
⠀
Естеріңізге сала кетейік, Академияға түсу үшін құжаттарды қабылдау 1 наурыздан басталып, 2022 жылдың 23 шілдесіне дейін жалғасады. Құжаттар Академияның https://admission.apa.kz/ru ақпараттық жүйесі арқылы электрондық құжаттарды жүктей отырып, онлайн форматта қабылданады.