Жаңалықтар

АШЫҚ АСПАН АСТЫНДА ТІЛДЕР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Атырауда 5-қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен ашық аспан астында тілдер фестивалі өтті. Ұлт ұстазы-Ахмет Байтұрсынұлының 150-жылдығына арналған фестивальдің басты мақсаты мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырып, өзге ұлт өкілдерінің басын біріктіру.

Фестивальға күрделі де жауапкершілігі мол тіл бағытындағы жұмыстарды жүзеге асыруда үлес қосып келе жатқан барлық әріптестер, тіл жанашырлары қатысты. Солардың бірі ретінде ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалы арнайы шақырылып, қатысты.

Шара барысында Атырау облысы әкімінің орынбасары Бисембиев Жасұлан
мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосып, оның қолданылу аясын ұлтаралық қатынас құралына айналуына еңбегі сіңген атыраулық тіл жанашырларын марапаттады.
 
Ел бірлігінің діңгегі – тіл саясатының елімізде жүйелі түрде дамуына ерекше көңіл бөлініп келеді. Тіл саласында бағындырған белестер мен алар асулар әліде көп. Сондықтан да қоғам болып, бірлік пен ынтымақта әлі де үлкен істер атқарылатынына сенеміз!