Жаңалықтар

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНДА АҚПАРАТТЫҚ СЕССИЯ ӨТКІЗІЛДІ

Бүгін Атырау облысы әкімі аппаратында Академияға оқуға түсу ережелері мен іріктеу кезеңдері түсіндірілді. Жиында Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, Академия түлегі Әбуов Марат Әлменұлы төрағалық етті.

Сонымен қатар, Марат Әлменұлы өзгермелі заман талабына сәйкес білімді, кәсіби құзыреттілігі мол, бәсекеге қабілетті маман болуда Академияның алар орны мен Академия қабырғасында алған білім деңгейінің пайдасы туралы сөз қозғап, мемлекеттік қызметшілерді біліктіліктерін арттыруға шақырды.

Еске саламыз, Академияға құжаттар 1 сәуірден бастап 26 маусымға дейін www.admission.apa.kz ақпараттық жүйесі арқылы қабылданады.

Биыл Академия ережелерінде келесі өзгерістер болды:
1. «Халықаралық қатынастар», «Мемлекеттік саясат» және «Экономика» екі жылдық бағдарламалары бойынша оқу мерзімі екі жылдан бір жарым жылға дейін қысқартылды.
2. Биыл «Мемлекеттік басқару» бағдарламасына құқық қорғау органдарынан және арнайы мемлекеттік органдардан да үміткерлер қабылданады.
3. Қабылдау науқанының жалпы мерзімі 20 күнге қысқартылды. Қорытынды ақпаратты 5 тамызда жариялауды жоспарлап отырмыз.
4. Магистратура бағдарламалары үшін сұхбат кезеңін бағалаудың үлес салмағы 70%-ға дейін және докторантура үшін 50%-ға дейін көтерілді.

Бізбен байланыс
8 (7122) 51-94-92, 49-22-94
8778-565-56-59

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Еркебұлан Ғабдығапаров (@erkebulan.gabdygaparov)