Жаңалықтар

Атырау облысы әкімінің орынбасары Нәутиев Әлібек Ибатоллаұлы – Филиалда қонақта.

View this post on Instagram

Атырау облысы әкімінің орынбасары Нәутиев Әлібек Ибатоллаұлы – Филиалда қонақта ⠀ 🏢ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалында мемлекеттік қызметшілердің төл мерекесі қарсаңында өткен кезекті DEVELOPMENT DAY ұжым мүшелері мен қайта даярлау курсы мен біліктілік арттыру семинарларының тыңдаушылары үшін ерекше әсерлі болды. ⠀ «Мемлекеттік қызметтегі қазіргі кездегі трендтер» тақырыбы аясында DEVELOPMENT DAY қонағы Атырау облысы әкімінің орынбасары Нәутиев Әлібек Ибатоллаұлы мемлекеттік қызметтің кешегісі мен бүгінгісіне, келешегіне көз сала отырып, мемлекеттік қызметшілерге өз қызметі барысында ой түйген пікірлерімен бөлісті. ⠀ 💈«Шәкіртсіз – ұстаз тұл» ұстанымындағы Әлібек Ибатоллаұлы өмірлік ұстазына балаған тұлғалар мен ізбасарлары туралы жылы естеліктер айта отырып, әр мемлекеттік қызметшінің үздіксіз білім алуға деген құлшыныстарына қолдау білдірді, үйренгендерін, меңгерген білік-дағдыларын әріптестерімен бөлісе жүріп, бірлесе даму қағидаттарына көңіл аудару қажеттілігіне тоқталды. ⠀ 🇰🇿ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының және Академияның Атырау облысы бойынша филиалының өңіріміздегі мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігін арттырудағы еңбегіне ризашылығын білдіріп, өткен жылы облыс, қала әкімі орынбасарлары мен басқарма басшыларының да Филиал қабырғасында біліктілік арттыру семинарынан өтіп, алған ақпараттарының бүгінгі күні қызмет бабындағы кәсіби құзыреттіліктеріне өзіндік үлесін тигізгенін айтып өтті. ⠀ Бірлесе даму мақсатын көздеген шарада Әлібек Ибатоллаұлына Филиал ұжымы қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілер толғандырған сұрақтарына жауап алып, еркін пікіралмасу алаңында ой алмасты. #apakz #atyraufilial @Филиал Академии госуправления при Президенте РК по Атырауской области

A post shared by @ atyrau.apa.kz on