Жаңалықтар

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ


Академияның Атырау облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен Академияның Ассессмент-орталығы Атырау облысындағы 88 мемлекеттік қызметшінің құзыреттілік деңгейін бағалау процесін бастады.

 Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен өткізілетін бұл шара мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби құзыреттерін арттыруға және олардың одан әрі дамуына бағытталған.

Шараның ашылу салтанатында Атырау облысы әкімінің орынбасары Бисембиев Жасұлан Орақұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Атырау облысы бойынша жергілікті мемлекеттік қызметшілердің құзыреттілік деңгейін бағалау – кәсіби даму мен жеке өсу жолында маңызды қадам. Бұл бағалау біздің мемлекеттік қызметшілеріміздің қабілеттерін жетілдіріп, олардың жұмысына жаңа серпін береді деп сенеміз. Сонымен қатар, кадрлық резервті нығайту және мемлекеттік басқару жүйесін дамыту бойынша маңызды стратегияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, – деді Ж. Бисембиев.

Бағалау барысында мемлекеттік қызметшілердің бес негізгі құзыреті: талдау, шешім қабылдау, көшбасшылық, белсенділік, қызметті басқару және сенімділік қарастырылады. Қатысушылар арнайы ситуациялық тапсырмаларды орындау арқылы өздерінің кәсіби қабілеттерін көрсетеді. Бағалау процесін халықаралық сертификатталған мамандар жүзеге асырады.

Ассессмент 15-17 қазан аралығында өткізіледі.