Жаңалықтар

АУДАН ӘКІМДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

13 мамыр күні ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Атырау облысы бойынша филиалы Индер ауданында және Махамбет ауданында кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуді ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Атырау облысы бойынша филиалының басшысы Бекіш Азамат Әбділқаилұлы Атырау облысы Индер ауданының әкімі Өтеғұлов Салауат Өтеғұлұлы мен Махамбет ауданының әкімі Жанқылыш Ринат Бауыржанұлымен өткізді.
Кездесу барысында:
– Филиал тынысы;
– Сұраныс негізінде ұйымдастырылатын жоспардан тыс біліктілік арттыру семинарлары;
– ISO 37001: 2016 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес парақорлыққа қарсы күрес менеджменті жүйесі;
– Жобалық менеджмент: ҚР СТ ISO 21500-2014 сертификаттауына дайындық;
– Жоғары оқу орнынан кейінгі Академияның магистратура және докторантура білім беру бағдарламалары, оқуға қабылдау ережелері талқыланды.