13 ақпан күні Академияның Атырау облысы бойынша филиалында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курсы аясында Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы Нұрлыбек Жеңісбекұлы тыңдаушыларға «Бастамашылдық және жауапкершілік» тақырыбында дәріс оқыды.
Дәріс барысында спикер бастамашыл мінез-құлықтың маңыздылығын, тиімді шешім қабылдау әдістерін және жауапкершілікті дамыту құралдарын түсіндірді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің өзін-өзі ұстау мәдениеті, кәсіби құзыреттілік және жұмыс барысында кездесетін қиындықтар туралы ой қозғады.
Тыңдаушылар үшін мотивациялық кездесу болды, олар мемлекеттік қызметте табысқа жетудің негізгі қағидаларын түсініп, өз сұрақтарына жауап алды.
Кездесу соңында сұрақ-жауап форматында ашық диалог өтіп, мемлекеттік қызметшілер көкейіндегі мәселелерін талқылауға мүмкіндік алды.