Жаңалықтар

«Басымдықтарды басқару: тайм-менеджмент және стресс-менеджмент» тақырыбында біліктілікті арттыру семинары ұйымдастырылды.

Мемлекеттік қызмет үшін оның мақсаттары мен басымдықтары ерекше маңызды.

Осыған орай, Академияның Атырау облысы бойынша филиалында 26-29 наурыз аралығында «Басымдықтарды басқару: тайм-менеджмент және стресс-менеджмент» тақырыбында біліктілікті арттыру семинары ұйымдастырылды.

Аталған семинарда қатысушылар жұмыс уақытын тиімді ұйымдастыруды, күйзеліс жағдайындағы тайм-менеджментті қалыптастыруды, стресстік жағдайларда эмоционалды манипуляцияларға төтеп беру қағидаларын меңгерді.