«Біз – командамыз»
Кез-келген ұжымның табысты жұмыс істеуі үшін оның үйлесімдігі маңызды сәт болып табылады. Бірлігі жарасқан ұжым ғана жетістіктерге жетіп, жаңа белестерді бағындырмақ.
⠀
Жаңа оқу жылы қарсаңында көтеріңкі көңіл-күймен қуаттану , командалық рухты нығайту және ұжымның тиімділігін көтеру мақсатында «Біз – командамыз» тақырыбында тимбилдинг өткіздік! Психолог маман Шекеева Анар Нұрланқызы ұжымдағы ортақ мәселелерді шешу дағдыларын қалыптастыру бағытында командаларға түрлі тапсырмалар беріп, логикалық сұрақтар қойды.
⠀
Корпоративтік мәдениетті қалыптастыру және нығайту;
Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту; Комуникациялық іскерлікті жетілдіру;
Қойылған міндетті орындау тактикасы мен стратегиясын топпен шешім қабылдау арқылы дағдыларын қалыптастыру;
Логикалық сұрақтар;
Қызықты тапсырмалар;
Топпен жұмыс.
⠀
Аталған шаралар әріптестердің жеке қасиеттері мен дарындылығын, кей жағдайларда көшбасшылық қасиеттерін аша отырып, командамен жұмыс істеуге, жауапкершілікке, бір-біріне деген сенімге және корпоративтік рухтың көтерілуіне жәрдемдеспек.
⠀
Жаңа жеңістерге берге жетеміз! Біз біргеміз!