Жаңалықтар

БЮРОКРАТИЯДАН АРЫЛУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР САПАСЫН АРТТЫРУ

2025 жылғы 21–25 сәуір аралығында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалында «Бюрократиядан арылу және мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинардың негізгі мақсаты – мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту және мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы кәсіби дағдылары мен құзыреттіліктерін дамыту. Бағдарлама барысында қатысушылар бюрократия ұғымының мәнін, оның мемлекеттік басқаруға тигізетін теріс әсерін талдап, оны азайту жолдарын қарастырды.
Оқыту барысында келесі негізгі бағыттар қамтылды:
• Халықаралық тәжірибелер негізінде бюрократиядан арылу тәсілдері;
• Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруда қызметшінің құзыреттерін дамыту;
• Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, парасаттылық мәдениетін қалыптастыру;
• Цифрлық технологиялар мен инновациялар арқылы рәсімдерді жеңілдету;
• Мемлекеттік қызмет көрсетуде проактивті тәсіл, тиімді коммуникация және азаматтарға бағдарлану;
• Бизнес-процестерді оңтайландыру және қоғаммен кері байланысты күшейту.
Семинар аясында нақты кейстер талданып, қатысушылар өз тәжірибелерін ортаға салды. Практикалық тапсырмалар арқылы алынған білім іс жүзінде бекітіліп, қатысушыларға болашақтағы қызметінде нақты қолдануға болатын құралдар ұсынылды.