Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Атырау облысы бойынша филиалы 2023 жылға арналған мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстары мен олардың біліктілігін арттыру семинарлары бойынша дәріс беруге оқытушыларға конкурс жариялаған болатын.
Үміткерлер конкурсқа түйіндемесімен бірге, жобаларын ұсынды. Бүгін комиссия алдында өз жобаларын сәтті қорғап өтті. Атап айтар болсақ, ойлау дизайны, стратегиялық менеджмент, ресми мәтін және жазылым дағдылары, жобалық менеджмент: ҚР СТ ISO 2150, ең алдымен адамдар т.б тақырыптарда комиссия мүшелеріне офлайн және онлайн бағытта жобаларын таныстырды.
Комиссия мүшелері үміткерлердің жобаларымен танысып, сұрақтарын қойды. Барша үміткерлерге сәттілік тілейміз!