Жаңалықтар

ДАҒДАРЫС ЖАҒДАЙЫНДА ТИІМДІ КОММУНИКАЦИЯ СТРАТЕГИЯЛАРЫ: КҮРДЕЛІ ЖАҒДАЙЛАРДЫ БАСҚАРУ

Академияның Атырау облысы бойынша филиалында 7-11 сәуір аралығында «Дағдарыс жағдайында тиімді коммуникация стратегиялары: күрделі жағдайларды басқару» тақырыбында біліктілікті арттыру семинары өтті.

Семинардың негізгі мақсаты – дағдарыс жағдайында тиімді коммуникация құру бойынша кәсіби құзыреттіліктер мен тәжірибелік дағдыларды дамыту.

Семинар барысында қатысушылар дағдарыс коммуникациясының негізгі принциптері мен тәсілдеріне, сондай-ақ, дағдарысқа қарсы коммуникацияларды басқаруға арналған әдістер мен техникаларға терең бойлады. Бұл білім дағдарыс кезінде тиімді шешімдер қабылдауға және ұйымдастырудағы күрделі жағдайларды жеңуге көмектеседі.

Семинардың маңызды тақырыптарының бірі – коммуникация орнатудағы кедергілер мен оларды жеңу жолдары болды. Қатысушылар бұл мәселелерді талқылай отырып, дағдарыс кезінде адамдар арасындағы түсініспеушіліктерді жоюдың тиімді әдістерін меңгерді. Сонымен қатар, New Media және Social Media құралдарымен жұмыс істеу бойынша практикалық ұсыныстар айтылды. Бұл бүгінгі күні маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі әлеуметтік желілер мен жаңалықтар медиа платформалары дағдарыс жағдайларында ақпарат таратуда үлкен рөл атқарады.

Семинар қатысушылары көпшілік алдында сөйлеу мәдениеті мен шешім қабылдаудағы құзыреттілікті дамытуға бағытталған жаттығулар өткізді. Бұл мемлекеттік қызметшілер үшін маңызды дағды болып табылады, өйткені дағдарыс жағдайында дұрыс шешімдер қабылдай отырып, халықтың сенімін сақтап қалу өте маңызды. Шара барысында, сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің өз жұмыстарының сапасын арттыру үшін қажетті теориялық білім мен практикалық тәжірибе алуы қамтамасыз етілді.