Жаңалықтар

«ДЕРЕКТЕРДІ ВИЗУАЛИЗАЦИЯЛАУ ЖӘНЕ АНАЛИТИКА» ⠀

Деректерді визуализациялау – бұл деректердің көрнекі бейнесі. Деректерді кестелерде немесе мәліметтер базаларында көрсетудің орнына, диаграммалар мен графиктер түрінде берген күрделі деректерді түсінуге мүмкіндік береді. Деректермен жұмыс істеуді жеңілдетуге Power BI көмектеседі.

Power BI әртүрлі көздерден алынған деректерді жүктеуге, оларды талдауға және сызбалар, графиктер немесе диаграммалар түрінде ұсынуға мүмкіндік береді.

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалында «Деректерді визуализациялау және аналитика» тақырыбында семинар басталды.

Практикалық сабақтар барысында тыңдаушылар Power BI-дың негізгі мүмкіндіктерін: әртүрлі көздерден алынған деректерді жинақтауды, ақпаратты визуализациялауды, графиктер мен диаграммалар құруды үйреніп, деректерді өңдеу, талдау және визуализациялау бойынша кәсіби құзыреттері мен тәжірибелік дағдыларын дамытады.