Бүгін “Мемлекеттік қызметшінің имиджі мен әдебін жеке бренд ретінде қалыптастыру” тақырыбында Development day өтті.
Спикер Атырау облысы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Ахметова Фарида Төлегенқызы @f.t.akhmetova
Development day-ды филиал директоры Бекіш Азамат ашып, спикерімізбен сұхбаттасып, тыңдаушылармен мемлекеттік қызметшінің әдебін жеке бренд ретінде қалай қалыптастыруға болатыны жөнінде кеңірек талқылады.
“Мемлекеттік қызметші кез келген сәтте сыпайы, сабырлы әрі жұмысына жауапкершілікпен қарауы керек. Осы әдебін және имиджін бренд ретінде қалыптастырып отыруы тиіс”,-деді спикер Фарида Төлегенқызы.
“Қандай жағдай болмасын, мемлекеттік қызметші әдеп нормаларын сақтауға қалыптасуы, Әдеп кодексін оқып, өзін-өзі үйретуі, және өзгені үйретуі керек,-деп атап өтті филиал директоры Бекіш Азамат.
Тыңдаушылар тақырып төңірегінде өз ой пікірлерін білдіріп, алдағы уақытта жұмыс барысында қолдануға болатын тәжірибелермен бөліскен спикерге және семинарды ұйымдастырушы академия басшысы мен ұжымына алғыстарын білдіріп, семинарды қорытындылады.