Бүгін, 25-29 шілде аралығындағы филиалдың «Ең алдымен адамдар: мемлекеттік қызметтер сапасын арттырудың практикалық құралдары» тақырыбындағы онлайн форматта семинар басталды.
Бүгінгі күннің дәріскерлері:
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалының профессоры, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаментінің директоры, мемлекеттік және жергілікті басқару саласының PhD докторы Муксимов Салауат Сыйлыбайұлы
Батыс Қазақстан облысының Ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасының ақпараттандыру бөлімінің бас маманы Ашық Абат Сәкенұлы
Тренинг және ұйымдастыру психологиясы орталығының басшысы, бизнес-тренер, коуч Мустафин Ерлан Сейткенұлы
Семинар барысында мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша кәсіби құзыреттіліктер, қажетті тәжірибелік білім және дағдыларды меңгеріп, төмендегідей пункттерді игереді:
Шешімдер қабылдау
Қызметті басқару;
Ынтымақтастық және өзара іс-қимыл;
Көрсетілетін қызметтерді тұтынушыға бағдарлау және оған ақпарат беру.
Семинар тыңдаушыларына сәттілік тілейміз!