Жаңалықтар

ЕҢ АЛДЫМЕН – АДАМДАР: МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ

10-14 қазан аралығында филиалда «Ең алдымен адамдар: мемлекеттік қызметтер сапасын арттырудың практикалық құралдары» тақырыбындағы онлайн форматта өтетін семинар басталды.
 
Семинар барысында мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша кәсіби құзыреттіліктер, қажетті тәжірибелік білім және дағдыларды меңгеріп, төмендегідей пункттерді игереді:
 
Шешімдер қабылдау
Қызметті басқару
Ынтымақтастық және өзара іс-қимыл
Көрсетілетін қызметтерді тұтынушыға бағдарлау және оған ақпарат беру
 
Семинар тыңдаушыларына сәттілік тілейміз!