Жаңалықтар

«Ең алдымен – адамдар: мемлекеттік қызметтер сапасын арттырудың практикалық құралдары» тақырыбында біліктілікті арттыру семинары өтті.

Адамдарға бағдарланған мемлекеттік басқарудың жаңа моделін қалыптастыру мақсатында 16-18 сәуір аралығында Академияның Атырау облысы бойынша филиалында «Ең алдымен – адамдар: мемлекеттік қызметтер сапасын арттырудың практикалық құралдары» тақырыбында біліктілікті арттыру семинары өтті.

Семинар барысында тыңдаушылар келесі тақырыптарға шолу арқылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша кәсіби құзыреттерін дамытты:
-Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасындағы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету;
-Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы электрондық қызметтер мен онлайн платформалар;
-Тұтынушыға бағдарланған қызмет көрсету;
-Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау мен бағалау;
-Мемлекеттік қызмет көрсетудегі проактивті тәсіл;
-Ресми жазылым;
-Тәжірибелік кейстерді талдау.