Жаңалықтар

EQ ЖӘНЕ IQ БАСҚАРУ

-Эмоцияны түсіну және сезіну;
-Эмоцияларды басқару қабілеті;
-Басқа адамдардың эмоцияларын ажырату;
-Адамдарды басқару және қатынас орнату.

«Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курсының тыңдаушылары бүгінгі тренинг нәтижелері бойынша эмоционалды интеллект және мемлекеттік қызметтегі өздерінің кәсіби құзыреттіліктері мен практикалық дағдыларын дамытады.

Эмоционалды интеллект әлемін түсінуге бағыт-бағдар берген дәріскер Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің аға оқытушысы, психология ғылымдарының кандидаты Иманғалиева Нұрсұлу Темірболатқызы дәрісті интерактивті пікірталас, жеке және топтық жұмыс, интеллектуалдық ойын түрінде өткізді.