Бүгін Филиалда «ҚР Президентінің сайлауын өткізу кезіндегі сайлау процесінің құқықтық негіздері және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының өкілдеріне арналған семинар жұмысына ЕҚЫҰ-ның ұзақ мерзімді бақылаушылары қонақта болды.
Германиядан келген ұзақ мерзімді бақылаушы Кристиан Шварц пен Норвегиядан келген бақылаушы Томас Хугке филиал директоры Бекіш Азамат филиалдың жұмысы, семинар мазмұнына шолу жасап таныстырды.
Бақылаушылар тыңдаушылармен бірге дәріс жұмыстарына қатысып, семинар жұмысының өтуін бақылап, сертификатталған дәріскерлермен сұхбаттасып, өздерінің сайлауға байланысты сұрақтарын қойды.