Жаңалықтар

Филиал әріптестерімен “Coffee time” ұйымдастырылды

Филиал директоры Бекіш Азамат әріптестерге мотивациялық кездесу өткізді.
 
Кофенің жағымды жұмсақ дәмімен филиал қызметкерлері жұмыс барысын, алдағы жасалатын жұмыс мәселелерін баяндап өтті. ҚР Мемлекеттік басқару Академиясының ұсынған Даму
Стратегиясымен танысып, өзіндік идеяларын ұсынып, өзара пікір алмасу өтті.
 
Келер 2023 жылға жаңа идеялар айтылып, өткізілетін семинарларға, тілдік курстарға жоспарлар құрастырылды.
 
Әріптестер өздерін мазалаған сұрақтар қойып, ұсыныстарын айтып еркін форматта әдемі бір жүздесу болды.
 
Еске сала кетейік, мотивациялық кездесу әріптестермен әр аптаның сәрсенбі күні “Coffee time” негізінде ұйымдастырылып тұрады.