2024 жылдың 8 қазанында Академияның Атырау облысы бойынша филиалында«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курсының тыңдаушылары үшін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрлан Тәңірбердіұлы Еркебаевпен мотивациялық кездесу ұйымдастырылды.
Guest Talk форматындағы бұл мотивациялық кездесу жас мемлекеттік қызметшілер үшін ерекше маңызға ие болды. Нұрлан Еркебаев мемлекеттік қызметтегі өз тәжірибесімен бөлісіп, қатысушыларға кәсіби даму жолында қандай қағидаларды ұстану керектігін түсіндірді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтің маңыздылығы мен міндеттері, қоғам алдындағы жауапкершілік және адал қызметтің қажеттігі жайлы терең ойларымен бөлісті.
Кездесу барысында тыңдаушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мемлекеттік қызмет саласындағы өзекті мәселелер бойынша пайдалы ақпарат алды. Нұрлан Тәңірбердіұлы мемлекеттік қызметшілердің әрқашан кәсіби шеберлігін арттыруға, ел игілігіне қызмет етуге дайын болуы керектігін атап өтті.
Мотивациялық кездесу жас мамандарға жігер беріп, олардың алдағы қызметтеріне деген сенімдерін нығайтты.