Жаңалықтар

ІШКІ МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ ДЕПАРТАМЕНТІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Академияның Атырау облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен 5 қараша күні Атырау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті қызметкерлеріне модульдік оқыту қағидаты бойынша ақпарттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Үміткерлер 1 жылдық екі бағдарлама бойынша оқуға түсе алады. Олар: «Executive MPA – Executive Master of Public Administration – Мемлекеттік басқару» және «Өңірлік даму – Master of Regional Development».
-«Мемлекеттік басқару» білім беру бағдарламасына үміткерлердің басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл жұмыс өтілі болуы қажет.
-«Өңірлік даму» білім беру бағдарламасына түсушілердің жалпы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл болуы қажет.

Құжаттарды қабылдау 2024 жылғы 1-30 қараша аралығында admission.apa.kz платформасында онлайн жүзеге асырылады.

Оқуға түсу бойынша сұрақтарыңыз болса, мына нөмерлерге хабарласа аласыздар:
+7 (7122) 51 94 92;
+7 (702) 820-85-60