Жаңалықтар

КАДР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ОНЛАЙН-КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ ⠀

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалы облыс көлеміндегі мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыруға қатысатын персоналды басқару саласының мамандарымен кездесті.

Филиалдың Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерілету кабинетінің меңгерушісі Назерке Ғалымжанқызы Аязбаева өңірдегі мемлекеттік қызметшілердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыруда бірлесе атқарылған жұмыстарға тоқтала отырып, тиімді жоспарлау арқылы жұмыстарды ұйымдастыру бойынша және оқу үдерісінде кездесетін өзекті мәселелерді қозғады. Сонымен қатар, reg-apa.kz сайты бойынша және Академияға магистратура және докторантура білім беру бағдарламаларына оқуға түсу жөнінде толық ақпарат берілді.

Диалог форматында өткізілген кадр сағаты барысында қатысушылар сұрақтарын қойып, өз ұсыныс-пікірлерін білдірді.