Жаңалықтар

КӨШПЕЛІ СЕМИНАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Махамбет ауданы әкімдігінің сұранысы негізінде бүгін Филиалда «Мемлекеттік сатып алуды қолдану тәжірибесі» тақырыбында жоспардан тыс көшпелі біліктілікті арттыру семинары басталды. Семинарды филиалдың кабинет меңгерушісі Назерке Ғалымжанқызы Аязбаева ашып, тыңдаушыларға сәттілік тіледі.

Семинар нәтижесі бойынша тыңдаушылар мемлекеттік сатып алу саласындағы кәсіби құзыреттері мен тәжірибелік дағдыларын дамытып, келесідей құзыреттіліктерді меңгеретін болады:
-қызметті басқару
-ынтымақтастық және өзара іс-қимыл
-өзгерістерді басқару
-жеделдік
-шешімдер қабылдау

Интерактивті форматта ұйымдастырылған бағдарлама барысында қатысушылар өздерінің тікелей қызметіне байланысты практикалық кейстерді талқылайды және шешеді.

Оқыту семинарының негізгі спикерлері:

-Дендербай Асқар Жуанұлы – «Tenderbay» ЖШС сатып алуды оқыту және сүйемелдеу жөніндегі оқу орталығының директоры;
-Молдабеков Еркебұлан Байғалиұлы – филиалдың аға оқытушысы;
-Ахметова Фарида Төлегенқызы – Атырау облысы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі