10-19 ақпан аралығында Академияның Атырау облысы бойынша филиалы мен Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы бірлесіп, аумақтық және округтік сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған оқыту семинары өтуде.
Семинардың негізгі мақсаты –мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды өткізу мәселелері бойынша білімді өзектендіру және құзыреттерді жетілдіру.
Семинар барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының сайлау жүйесіне қатысты өзекті мәселелерді қарастырып, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау ұйымдастыру мен өткізудің ерекшеліктерін меңгеруде.
Сонымен қатар, аумақтық және округтік сайлау комиссияларының өкілеттіктері, сайлау процесін қаржыландыру тәртібі, құжаттарды рәсімдеу талаптары талқылануда.