Бүгін филиалда «Мансап және отбасы: тепе-теңдікті қалай сақтау керек?» тақырыбында 5 күндік біліктілік арттыру семинары басталды.
Семинар 07-11 қараша аралығында өтеді.
Бүгінгі семинар мақсаты жұмыс пен отбасы арасындағы тепе-теңдік пен шекараны басқарудың кәсіби құзыреттіліктері мен практикалық дағдыларын дамыту, мансап жолымен ілгерілеу үшін көшбасшылық құралдары мен технологияларын игеруді жүзеге асыру.
Семинар барысында қарастырылатын құзыреттіліктер:
Көшбасшылық
Қызметті басқару
Өзін-өзі дамыту
Стратегиялық ойлау
Нәтижелерге жету
Бүгінгі семинардың дәріскері Айтиева Нұрлы Тельманқызы – Атырау бизнес және құқық колледжінің директоры, Саясаткер әйелдер клубының басшысы, «Қазақстан әйелдері күштерінің альянсы» қауымдастық заңды тұлғалар бірлестігінің мүшесі.
Семинардың алғашқы күнінің тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы отбасылық және гендерлік саясат
Семинар қатысушыларына сәттілік тілейміз!