Жаңалықтар

МАХАМБЕТ АУДАНЫНДА «КӨПШІЛІК АЛДЫНДА СӨЙЛЕУ. БАҚ-ПЕН ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУ» ТАҚЫРЫБЫНДА БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ СЕМИНАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

2-6 қыркүйек аралығында Академияның Атырау облысы бойынша филиалы Махамбет ауданында «Көпшілік алдында сөйлеу. БАҚ-пен өзара әрекеттесу» тақырыбында біліктілікті арттыру семинарын өткізді.

Семинардың мақсаты – мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік органдардың коммуникациялық саясатының тиімділігін арттыру үшін кәсіби құзіреттіліктері мен тәжірибелік дағдыларын дамыту.

Аталған семинар мемлекеттік қызметшілердің коммуникациялық дағдыларын дамытуға бағытталған. Семинар барысында қатысушылар көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін, іскерлік қарым-қатынас нормаларын, мемлекеттік органдардың БАҚ-пен және қоғамдық институттармен өзара әрекеттесу жолдарын меңгерді.

Сондай-ақ, саяси PR, әлеуметтік медиадағы PR стратегиялары және дағдарыс жағдайында медиаға қатысты жұмыс жасау әдістері қарастырылды.