29 қаңтар күні Академияның Атырау облысы бойынша филиалында Мақат ауданының әкімі Азамат Саматұлы Мамбетовпен кездесу өтті.
Даму күні аясында өткен бұл іс-шараға семинар тыңдаушылары мен «Мемлекеттік қызмет мектебі» жобасының қатысушылары қатысты.
Кездесудің басты мақсаты – аймақтық даму стратегияларын іске асырудағы тәжірибемен бөлісу және мемлекеттік басқарудағы басшылықтың рөлін жан-жақты қарастыру.
Азамат Саматұлы басшылық қызметтің негізгі қағидаларына тоқталып, мемлекеттік қызметте жетістікке жету үшін келесі қасиеттердің маңыздылығын атап өтті:
– Жауапкершілік – халықтың сенімін ақтау басты міндет;
– Шешім қабылдау қабілеті – батыл әрі негізді шешім шығара білу;
-Адалдық – кез келген қызметте тазалық пен әділдікті сақтау;
– Халықпен тығыз байланыс – қоғамның сұранысына құлақ асып, тиімді кері байланыс орнату.
Кездесу барысында қатысушылар әкімге сұрақтарын қойып, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Азамат Саматұлы өз тәжірибесімен бөлісіп, мемлекеттік басқару саласындағы маңызды кеңестерімен бөлісті.