Жаңалықтар

«Мемлекеттік басқарудағы цифрлық трансформация» тақырыбында мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинары өтті.

05-09 ақпан аралығында Академияның Атырау облысы бойынша филиалында «Мемлекеттік басқарудағы цифрлық трансформация» тақырыбында мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинары өтті.

Семинардың мақсаты – мемлекеттік органның тиімділігін арттыру үшін цифрлық технологияларды пайдалану бойынша кәсіби құзыреттер мен практикалық дағдыларды дамыту.

Оқыту шеңберінде семинар тыңдаушылары қызметті басқару, дербестік және шешім қабылдау дағдылары, нәтижеге бейімделу, жеделдік құзыреттіліктерін дамытты.