Жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ: ТӘЖІРИБЕЛІК ІСКЕ АСЫРУ

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалында «Мемлекеттік органдардың цифрлық трансформациясы: тәжірибелік іске асыру» тақырыбында семинар басталды.

Семинар нәтижесі бойынша тыңдаушылар мемлекеттік органдардың цифрлық трансформациясы жобаларын тиімді іске асыру бағытында кәсіби құзыреттер мен тәжірибелік дағдыларын дамытады.

Семинар барысында тыңдаушылар құзіреттіліктердің 5 бағытын: «көшбасшылықты», «шешімдер қабылдауды», «қызметті басқаруды», «инновативтілікті», «цифрлық дағдыларды» меңгеретін болады.

Дәріскерлер:
Муксимов Салауат Сыйлыбайұлы – филиал профессоры, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаментінің директоры, мемлекеттік және жергілікті басқару саласының PhD докторы

Нұртілеуова Жаннат Асылбекқызы – Педагогика ғылымдарының магистрі

Есекенова Ақгүл Аманжолқызы – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Информатика кафедрасының аға оқытушысы

Бекетова Асылай Бақтыбайқызы – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Информатика кафедрасының аға оқытушысы