27-31 қаңтар аралығында Академияның Атырау облысы бойынша филиалында «Мемлекеттік қызмет мектебі» жобасының қатысушыларына арналған оқыту семинары өтті.
Семинар барысында қатысушылар:
🔹 Мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттарымен және мансаптық мүмкіндіктерімен танысты;
🔹 Тиімді коммуникация мен көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын жетілдірді;
🔹 Цифрлық трансформация және киберқауіпсіздік негіздерін меңгерді;
🔹 Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары мен кәсіби этикасын талқылады;
🔹 Жобалық жұмыстар әзірлеп, практикалық кейстерді шешуге атсалысты.
5 күндік оқу барысында студенттер маңызды білім мен дағдыларды меңгеріп, өз жобаларын сәтті қорғап шықты!
Мемлекеттік қызмет саласына алғашқы қадам жасаған жас көшбасшыларға сәттілік тілейміз! Еліміздің дамуына қосар үлестеріңіз зор болсын! 🇰🇿