Бүгін аталмыш тақырыпта филиалда мемлекеттік қызметшілерге 5 күндік біліктілік арттыру семинары басталды.
«Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден» дейді Алаш арысы Әлихан Бөкейхан. Халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығы және әділдігі, өз жұмысына деген жауапкершілігі, қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуы – әрбір мемлекеттік қызметкердің міндеті болып табылады.
Қоғам арасында әркез мемлекеттік қызметшіге оң көзқарас және айқын сенімділік қалыптасуы қажет. Мұндай сенім мен жетістікке ие болу бір сөзбен айтқанда оңай емес. Сондықтан әр мемлекеттік қызметші өзінің әдебі мен мінез-құлық және имиджіне баса мән беруі қажет. Осы тұрғыда филиалда мемлекеттік қызметшілердің этикалық мәдениетін жетілдіруге және жағымды имидж қалыптастыру мақсатында семинар тағайындалған болатын.
Бүгін семинардың алғашқы күні өтті. Семинарды филиал директоры Азамат Әбілқаилұлы ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Семинарды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Китенбаева Динара Муратовна өткізді.