9 желтоқсан күні Астана қаласында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен және Астана мемлекеттік қызмет хабының қолдауымен ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Мемлекеттік қызметтегі HR: персоналды стратегиялық басқаруға көшу» HR форумы өтті.
Форум барысында HR құралдары, мемлекеттік қызметтегі HR жаңалықтары, мемлекеттік қызметшінің жаңа болмысы, IT құралдары бойынша пікір алмасу болды. Форумға 7 елден оның ішінде Түркия, Біріккен Араб Әмірлігі, Оңтүстік Корея және Орталық Азия елдерінен сарапшылар шақырылды.
Бүгінгі күні ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын қоса алғанда Қазақстанда 15 жоғары оқу орны HR саласы бойынша мамандар даярлайды. Соның ішінде бакалавр деңгейінде – 8, магистратура деңгейінде – 10 білім беру бағдарламалары бар.
«Агенттікті толыққанды стратегиялық HR институтқа айналдыру мақсатында Академияның жоғары әлеуеті ескеріліп, ол келешекте адами ресурстарды даярлау, олардың біліктілігін арттыру бойынша ғылыми-зерттеу орталығы болмақ»,- деп атап өтті МҚІА басшысы Д.Жазықбаев
Жаңа технологиялар дамыған сайын әрі оны адамзат игергенде мәдениет пен адами капиталдың маңызы арта түседі. Себебі жаңа технология қолға тигенде жауапкершілік арта түседі. Сондықтан мемлекеттік басқарудағы адами ресурстар қалай пайдаланады, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі адами капиталға қалай айналатынын әлемдік деңгейде зерделеп, бірнеше ақпараттар алмаса отырып, Астана мемлекеттік қызмет хабының төрағасы Әлихан Байменовке Академияның «Құрметті профессоры» атағы табысталған тарихи сәтке куә болдық.
Форумды ұйымдастырған барша ұйымдастырушыларға алғысымыды білдіре отырып, алдағы жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз!
Сонымен қатар Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысы Ерлан Ермаханбетов және филиал директоры Бекіш Азамат Академияға биыл оқуға түскен Атыраулық магистранттармен кездесіп қайтты.